Facebook қолданушылардың деректері ешқайда таралмағанын мәлім етті

730

Бұған дейін Privacy Affairs интернет басылымы Facebook-тің 1,5 миллиард қолданушысының деректері сатылымға шығарылды деп хабарлаған еді.

Facebook қолданушылардың деректері ешқайда таралмағанын мәлім етті

Facebook компаниясы әлеуметтік желі жұмысындағы іркіліс салдарынан қолданушыларының дерегі ешқайда тарап кетпегенін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz корпорацияның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Privacy Affairs интернет басылымы әлеуметтік желі істен шыққаннан кейін Facebook-тің 1,5 миллиард қолданушысының деректері DarkNet-те сатылымға шығарылды деп хабарлаған еді. Оның мәліметіне сенсек, желі қолданушыларының есімдері, физикалық және электронды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасы, жынысы және басқа да деректер жария болған көрінеді. 

"Қолданушылардың деректеріне қауіп төнгені туралы ешқандай дәлел жоқ", – деп жазылған Facebook сайтында.

Еске сала кетсек, Facebook, Instagram, WhatsApp және компанияның басқа да қосымшалары дүйсенбіде жеті сағаттай істемеді. Корпорация басшысы Марк Цукерберг интернет платформалардың жұмысындағы бұл ақау үшін кешірім сұрады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу