Facebook қолданушыларының саны 2 миллиардқа жетті

1193

Facebook қолданушыларының саны 2 миллиардқа жетті

Facebook әлеуметтік желісінің негіздеушісі Марк Цукербергтің хабарлауынша, ондағы аккаунттар саны екі миллиардқа жетті. Бұл туралы abctv.kz хабарлайды.

"Бүгін таңертеңгісін Facebook аккаунттарының саны екі миллиардты құрады. Біз адамдарды біріктіре отырып зор табысқа жеттік. Енді әлемнің барша жұртын жақындастыруға әрекеттенейік. Осынау жолда сіздермен бірге болу мен үшін зор бақыт!", - деп атап өтті ол өзінің әлемжелідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Facebook 2004 жылы құрылған болатын. Ол кезде Цукерберг 19 жасар студент еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу