Facebook компаниясына маман қажет

675

Facebook компаниясына маман қажет

Facebook компаниясы өзінің сайтында ресейлік билік өкілдерімен байланыс жасай алатын маман қажет деп жазды. Бұл қызметкердің міндетіне ресейлік шенеуніктер тарапының сұрауы бойынша оларға компания туралы мәлімет беріп отырады. Ол РФ интернет саласына қатысты қандай заңдар қабылданып жатқанын да білуі керек. Бұл туралы 7kun.kz.хабарлайды.

Маман Facebook-тің Варшавадағы кеңсесінде отырады. Дегенмен, Ресейлік шенеуніктермен ол жеке кездесуі керек.

Сондай-ақ, кандидаттың осы салада ғылыми деңгейі болуы керек, ағылшын мен орыс тілдерінеде еркін сөйлей алуы қажет. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адамға басымдық беріледі.

Сонымен бірге, бұл орынға үміткер азаматтың артықшылықтарының бірі оның ресми өкіл ретінде өзін көрсете алуы мен "интернет пен Facebook қоғамға өте пайдалы деген сенімді" берік ұстануында болмақ.
Facebook — әлемдегі жетекші әлеуметтік желілердің бірі. Оны  Марк Цукерберг 2004 жылы Гарвард университетінде оқып жүргенде құрған.
Facebook-тің ай сайынғы аудиториясы 1,94 млрд пайдаланушыдан асып жығылады. Цукерберг осыған дейін бірнеше рет "2030 жылы әлеуметтік желі қолданушыларының санын 5 млрд адамға жеткіземіз" деген пікір айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу