Facebook негізгі қосымшаға бейне және аудио қоңырау функциясын қосады

563

Қандай елдерде бұл функцияның қосылатыны әзірге жарияланбады.

Facebook негізгі қосымшаға бейне және аудио қоңырау функциясын қосады

Facebook негізгі бағдарлама арқылы бейне және аудио қоңырау шалуға мүмкіндік беретін функцияны тестілеуден өткізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін пайдаланушылар Messenger жеке қосымшасының көмегімен ғана хабарлама жібере алатын. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа функция негізгі қосымшадан Messenger-ге ауысу қажеттілігін азайтады.

Әлеуметтік желінің кейбір пайдаланушылары бұл функцияны дүйсебіден бастап пайдалана алады. Бірақ АҚШ-тан басқа қандай елдерде оның қосылатыны әзірге жарияланбады.

Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы Гарвард университетінде оқып жүрген кезде құрды. Штаб-пәтері Менло паркте (Калифорния штаты) орналасқан бұл компанияға Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ WhatsApp және Messenger қосымшалары тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: kompas.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу