Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунттарын қайтарады, деп хабарлайды inbusiness.kz компания мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Facebook пен Instagram-да Трамп мырзаның аккаунттарын бұғаттауды алдағы апталарда тоқтатамыз",- делінген хабарламада.
Тыйым салынған ақпарат жарияланған жағдайда бірден жойылады, ал Трамп бір айдан екі жылға дейін уақытқа қайта бұғатталады. Алдағы президенттік сайлаудың заңдылығына және QAnon қастандық теориясына қатысты хабарламалардың таралуына қатысты ақпарат таратқан жағдайда да дәл сондай шаралар қолданылады.