Facebook компаниясы АҚШ-та 2020 жылғы қарашада өткен президент сайлауынан кейін саяси жарнаманы көрсетуге тыйым салған еді, енді рұқсат бермек, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы компания мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Біз 4 наурыздан бастап Құрама Штаттардағы саясатқа, сайлауға және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты жарнаманы қалпына келтіреміз. Біз бұл шектеуді 2020 жылғы қарашадағы сайлаудан кейін халықты шатастырмау үшін енгізген едік", – деп жазылған компания мәлімдемесінде.
Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы айларда олар мұндай жарнаманың жұмыс принципін егжей-тегжейлі зерттеп, қандай өзгерістер енгізуге болатынынын анықтайды.
Бұған дейін Google компаниясы да Вашингтонда болған тәртіпсіздіктерден кейін және АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы қарсаңында саяси жарнамаларға енгізілген шектеудің күшін жойған еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: usnews.com