Белгісіз біреулер Facebook-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтірік парақшасын ашқан. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми өкілі Максим Рожин хабарлады.
"Осындай ақпарат келіп түскен кезде біз Мемлекет басшысының баспасөз хатшысына хабарластық. Ол бұл аккаунттың фейк екенін айтты", – деді Рожин.
"Біз Facebook-те осы парақшаға шағым түсірдік. Әлеуметтік желі шұғыл шара қабылдайды деп сенеміз, өйткені Facebook мұндай олқылықтарға қатаң бақылау жасайды", – деп сөзін түйіндеді ведомство өкілі.
Kassym-Jmart Tokyevl деп аталатын бұл парақшада Президент Тоқавтың суреті 13 шілдеде жүктеліпті. Бұл алаяқтардың соңғы жазбасы екен. Мұндай әрекетке барған белгісіз біреулер пандемия кезінде халықты қолдау мақсатында ұтыс ойындарын өткізіп жүрген.
Табиғат Нұрболат