Facebook-тың бірінші тоқсандағы кірісі артты

600

Таза пайда көлемі 94%-ға өсті.

Facebook-тың бірінші тоқсандағы кірісі артты

Facebook компаниясының кірісі 2021 жылдың бірінші тоқсанында 26 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz қаржылық есебіне сілтеме жасап. 

Қаңтар және наурыз айлары аралығында кіріс көлемі 26,1 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 48%-ға артық. Таза пайда көлемі 94%-ға өсіп, 9,49 млрд доллар болды. Өткен айда белсенді пайдаланушылардың саны 2,8 млрд-тан асқан.

Компания басшылығының айтуынша, мұндай динамикаға жарнама құнының өсуі ықпал еткен. Өткен жылдың қаңтар және наурыз айлары аралығындағы кезеңмен салыстырғанда сервистегі жарнама құны шамамен 30%-ға қымбаттады. Facebook бұл көрсеткіш жыл соңына дейін тағы да өседі деп отыр.

"Біз өткен тоқсанда жоғары көрсеткіштерге ие болды, бизнесті дамытып, адамдардың байланыста болуын қамтамасыз еттік", – деп жазылған компания мәлімдемесінде. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу