Facebook-тың техникалық директоры 2022 жылы отставкаға кетеді

617

Ол компанияға 2008 жылы орналасқан еді.

Facebook-тың техникалық директоры 2022 жылы отставкаға кетеді

Америкалық Facebook компаниясының техникалық директоры Майк Шрепфер 2022 жылы қызметінен кетеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Шрепфердің орнына Facebook-тің кеңейтілген және виртуалды шындық жөніндегі қазіргі Вице-президенті Эндрю Босворт келеді. Шрепфердің қызметінен кетуі соңғы жылдардағы ең айтулы отставка болмақ.

Шрепфер Facebook-ке 2008 жылы орналасқан еді. 2013 жылы компанияның техникалық директоры қызметіне тағайындалды. Ол жасанды интеллект технологияларының жұмысын ұйымдастыруды қадағалау жұмысын атқарды.
Бұған дейін The Wall Street Journal Facebook әкімшілігі өз қызметкерлерінің платформаны қылмыстық мақсатпен пайдалану туралы хабарламаларын жиі ескерусіз қалдыратынын хабарлаған еді. Сонымен қатар Facebook-тегі жарияланымдардың сапасын бақылау жүйесі үлкен аудиториясы бар бірқатар пайдаланушыларға әлеуметтік желінің ережелеріне қайша материалдарды жариялауға мүмкіндік беретіні де айтылды. 

Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы құрды. Штаб-пәтері Менло паркте (Калифорния штаты) орналасқан. Компанияға Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ WhatsApp және Messenger қосымшалары тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу