Fake: "Израильдің улы "парацетамолы" отандық нарыққа белгісіз жолмен түсті"

417

Хабарламада айтылған препарат Үндістанда шығарылған.

Fake: "Израильдің улы "парацетамолы" отандық нарыққа белгісіз жолмен түсті"  Фото: stopfake.kz

WhatsApp-та Израильде шығарылған қауіпті "парацетамол" туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады inbusiness.kz stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпарат топтамасында препараттың аса қауіпті екені, қазақстандық дәріханаларға белгісіз жолмен түскені туралы айтылады. 

"Бұл жалған. Қауіпті "парацетамол" туралы хабарламалар – ескі фейк. Оны пайдаланушылар 2019 және 2020 жылдары таратқан. Ол кезде таратылым жалған деп танылған болатын. Себебі хабарламаға тіркелген препарат Израильде емес, Үндістанда шығарылған. Оны дәрі-дәрмектің қаптамасында жазылған өндіруші компанияның Apex деген атауынан түсінуге болады", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазнетте "қауіпті" парацетамол туралы хабарламалар тараған болатын. Ол кезде пайдаланушылар "таблеткаларда өлімге әкелетін "Мачупо" вирусы бар" деп айтқан. 

"ҚР Фармация комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып, елімізде ақпаратта сипатталған таблеткалар жоқ деп мәлімдеді. Қазақстандық дәріханаларға түскен қызуды түсіретін аса қауіпті дәрмек туралы хабарлама – ескі фейк", - деп жазады портал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу