Таеквондодан Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысатын тағы бір қазақстандық спортшы анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін АІВА бокс академиясында әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар арасында бақылау жекпе-жегі өткізілді.
Бапкерлер Әсел Османова мен Фариза Алдоңғарованың бірін таңдауы тиіс болатын. Екі спортшы арасында өткізілген кездесу қорытындысы бойынша Фариза Алдоңғарова жеңіске жетіп, Токио Олимпиадасының жолдамасына таласу мүмкіндігін алды.
Айта кетелік, таеквондодан Амманда өтетін лицензиялық турнирге қыздар арасынан Жансель Дениз бен Фариза Алдоңғарованың, ерлер арасында Руслан Жапаровтың қатысатыны белгілі.
Ерлер арасынан тағы бір салмақта кімнің қатысатыны бүгінде шешілу үстінде.