Фармацевтика өндірісінің көлемі 14,8% өсті

197

Мұндай айтарлықтай өсім саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арқасында болып отыр. 

Фармацевтика өндірісінің көлемі 14,8% өсті Фото: gov.kz

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында отандық фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8% көп (2023 жылы 79,5 млрд теңге болған), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай айтарлықтай өсім саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың арқасында болып отыр. Оның қатарында ұзақмерзімді келісімшарттар мен отандық өндірушілер өнімдерін сатып алуға басымдық беру бар. Бұл шаралар қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өнімдеріне деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін арттырды.

Биыл 1054 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шектік бағасы бекітілді, сонымен қатар оларға қатысты нормативтік-құқықтық актілер ырықтандырылды, бұл өндіріс пен жеткізу үдерісін жылдамдатуға да ықпал етті және фармацевтикалық өндірістің дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Негізгі өндіріс орындары Шымкент, Алматы қалалары, сонымен қатар Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында орналасқан. Бұл өңірлерде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкология сияқты әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу үшін өмірлік маңызға ие өнімдер шығарылады.

Сонымен қатар отандық кәсіпорындар рентген аппараттары, ультрадыбысты және зертханалық жабдықтарды қоса алғанда медициналық бұйымдар, сонымен бірге хирургиялық оталар мен зертханаларға және т.б. арналған бұйымдар шығарады.

"Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту" Ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) нысандарын жабдықтау барысында отандық өнімдерге басымдық берілетінін де атап өткен жөн. Қазіргі таңда осы нысандар үшін қарастырылған жабдықтардың 72%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу