Фармацевтика саласына әдейі жасалатын кедергілер көп. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету және фармацевтикалық саласы жайында өткен Парламенттік тыңдалымда осылай деп мәлімдеді.
Елімізде 100-ден астам фармацевтикалық компания бар. Соңғы 10 жылда өнім 7 есеге артты. Ал дәрі сатып алуға бөлінген қаражат 165 млрд теңгеге жеткен. Нәтиже жақсы. Алайда, әлі күнге дейін халықты қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ете алмай отырмыз, дейді мәжіліс төрағасы.
Нұрлан Нығматулин, парламент мәжілісінің төрағасы:
Өзімізде дәрі шығарсақ та, шетелден сатып алып жүрміз. Олардың бағасы да 4-5 есе қымбат. Осының салдарынан мемлекеттен тегін дәрі алатын науқас адамдар қиындық көріп отыр. оған біз сайлау кезінде көз жеткіздік. Біздің сайлаушылар бізге қажет дәрі болмайды, бар болғанда да қалтамыз көтермейді деп шағым айтады.
Дәрі-дәрмек айналымын бақылайтын жүйе енгізілмек
Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде дәрінің айналымын тексеретін автоматтандырылған жүйе енгізіледі деді. Бүгінде еуропалық елдерде өндірілетін өнімге 2Д кодын міндетті орнату туралы қарар қабылданды. Бұл нарыққа контрафакт өнімінің түспеуін бақылайды. Сондай-ақ өндірушіден бастап пациентке жеткізілгенге дейін дәрілік заттар жіті қадағаулауда болады. Бұл дәрі-дәрмек бағасының шарықтап кетпеуіне септігі бар, дейді министр.
Автор: Арай Сүгірбай