Фармацевтика саласындағы отандық өндіріс үлесі 6 пайыз төмендеген

172

Бұл өткен жылдың қорытындысы бойынша алынған деректер.

Фармацевтика саласындағы отандық өндіріс үлесі 6 пайыз төмендеген Фото: Pixabay.com

Премьер-минир Олжас Бектенов елімізде дәрілік заттарға деген ішкі сұраныс жыл сайын ұлғайып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ерекше назар аударатын маңызды саланың бірі – фармацевтика. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы сектордағы отандық өндірістің үлесі 20%-дан 14%-ға дейін төмендеп кетті. Дәрілік заттарға ішкі сұраныс жыл сайын ұлғайып отыр. Ал, бізде өндірістің бұл саласы керісінше төмендеп барады", - деді Үкімет басшысы.

Бектенов Мемлекет басшысы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойғанын баса айтты.

"Ол үшін бірқатар инвестициялық және салық преференциялары көзделген, қажетті мемлекеттік қолдау құралдары бар. Фармацевтика өнімдеріне он жылға мемлекеттік тапсырысқа кепілдік беру тетігі арқылы біздің кәсіпорындар жаңа өндірістерді іске қосуға немесе қолданыстағы өндірістерді жаңартуға мүмкіндік алады. Денсаулық сақтау министрлігі технологиялар трансферті және жаңа өндірістерді локализациялау үшін жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен байланыстарды күшейтуі керек", - деді ол Үкімет отырысында.

Премьер-министр биылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды таңбалауды және олардың тіркеу куәліктерін Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес келтіруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу