Фаст-фуд жарнамасына шектеу қойылмақ

976

 Фаст-фуд жарнамасына шектеу қойылмақ

Біріккен Араб Әмірліктерінде мектеп маңындағы жылдам тағам дайындайтын дәмханалардың жұмысын тоқтату қарастырылуда, деп хабарлайды islam.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінде балалар арасындағы семіздік індетімен күресу жөніндегі комитет 2020 жылға дейін кәмелет жасына толмағандардың дене салмағының орташа көрсеткішін 15 пайызға азайтуды алдына мақсат етіп қойды. Осы мәселеге қатысты мәлімдеме Әбу-Даби қаласында өткен семіздік індетіне қатысты форум аясында жасалды. Ішінара алғанда, аталған мәселені шешудің бір жолы ретінде мектеп маңындағы жылдам тағам дайындайтын дәмханалардың жұмысын тоқтату қарастырылып отыр. Мұнымен ғана шектелмей, балалар тұрмақ ересектердің ағзасына да зиянды тағам өнімдерін, соның ішінде, фаст-фуд жарнамасына шектеу қойылмақ. Бұған қоса, мұндай тағам өндірушілерге құрамында тұз, қант және май көп өнімдерінің сыртына немесе орамына қызыл белгі соғуды міндеттемек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу