2019 жылдың 20-21 сәуірінде Ұлыбританияның Лондон қаласында теннистен Федерация кубогінің ІІ әлемдік тобы аясындағы кездесу өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы матчқа жанкүйерлерді тіркеу басталды. Қазақстан теннис федерациясы виза жасауға көмектесіп, матчқа тегін билет пен әр жанкүйерге форма сыйламақ.
Аталған турнир тарихында Қазақстан әйелдер командасы Федерция кубогі ІІІ әлемдік тобының плей-офф кезеңіне үш рет өтті.
Атап айтар болсақ, 2013 жылы Франция, 2017 жылы Канада құрамаларымен кездессе, 2019 жылы Ұлыбританияға қарсы ойын өткізбек.