Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені түсірді

1053

Бұрын көрсеткіш 1,75-2 пайыз аралығында болған еді. Енді 1,5– 1,75%. 

Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені түсірді

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 базалық пунктке дейін түсірді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұрын көрсеткіш 1,75-2 пайыз аралығында болған еді. Енді 1,5– 1,75%. Соңғы он жылда реттеуші ұйым мұндай қадамға бармаған. Ұзақ жылдар бойы Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені жоғарылатумен болды. Мәселен, былтыр ол  4 мәрте көтерілді. Соңғы рет 2,5 пайызға дейін жеткізілген еді. Кейін қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Джереми Пауэл инфляцияны тежеуге кірісті. Мақсат – оны 2 пайыздан асырмау, экономикалық белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Мөлшерлеменің көтерілуі АҚШ-тың қор индексіне жағымды әсер етті. Негізгі индикаторлар жарты пайызға жуық өсім көрсетті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу