Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені қайтадан қысқартады

1024

Bloomberg-ке берген сұхбатында 40-қа жуық экономистің  85%-ы осылай деді. 

Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені қайтадан қысқартады

Ресми мәлімет бойынша, америкалық қаржы реттеушісі сәрсенбі күні мөлшерлемені 0,25 базистік пунктке түсіруі мүмкін. Осыдан кейін Федералдық қор жүйесі біразға дейін ешқандай өзгерту енгізбеуі ықтимал, дейді бірқатар сарапшылар. 

Жыл басынан бері АҚШ пайыздық мөлшерлемені екі мәрте, дәлірек айтқанда шілде және қыркүйек айларында төмендеткен еді. 

Елдегі жұмыссыздық деңгейі төмен, ал тұтынушылық шығыстар жоғары болғанымен де, қаржы реттеушісінің осындай қадамға баруына тура келіп отыр. Федералдық қор жүйесінің басшысы Джером Пауэлдың айтуынша, бұған әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуі, сауда текетіресі төңірегіндегі ахуал түрткі болған.

Естеріңізге сала кетейік, реттеуші 11 қазанда банктік қорды көбейту үшін ай сайын 60 млрд доллар сатып алатынын мәлім еткен еді. Жоспарды жүзеге асыру үшін қысқа мерзімді қазынашылық облигацияларды сатып алатынын жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу