Федор Кравченко: Бозшакөл сияқты кен орындары жоқтың қасы

1909

 Федор Кравченко: Бозшакөл сияқты кен орындары жоқтың қасы

2017 жылы Бозшакөл кен өндіру ісінде де алда болды. Кен байыту комбинаты жоспарды асыра орындап, 42 мың тоннаның орнына 44 мың  тонна кен өндірді, деп хабарлайды abctv.kz.

Биыл KAZ Minerals тобы 270-300 мың тонна мыс өндіруді көздеп отыр. Жоспарға жету үшін Бозшакөлден 105 мың тонна өнім алу жоспарланған.

Кеніш директоры Федор Кравченконың айтуынша, Бозшакөл кен байыту комбинаты алдағы уақытта өндірістің өнімділігін арттырады.

"Мыс-молибден кен орнының қоры 40 жылдан астам уақытқа жетеді. Әлемде 10-20 жыл қазылатын кеніштер көп, ал Бозшакөл сияқты кен орындары жоқтың қасы. Бізге әлі біраз тер төгуге тура келеді. Себебі екі жылдан астам уақыт аралығында небары 90 метрлік тереңдікке түсіп, кенді 1,5 шақырымдық ұзындықтан ғана алдық. Ал алдын ала барлау жұмыстары кен орны батыстан шығысқа қарай 8 шақырымға созылып жатқанын көрсетіп отыр. Жоба бойынша бізге 350 метр тереңдікке дейін қазу керек. Әзірше көрсетілген тереңдіктің небары төрттен бір бөлігін ғана игеріп отырмыз", – деді Федор Кравченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу