Қарағандыда 19 жастағы жігіт суға батып кетті

773

Оқиға Федоров су қоймасында болған. 

Қарағандыда 19 жастағы жігіт суға батып кетті Фото: inbusiness.kz

6 маусымда Қарағанды қаласындағы Федоров су қоймасында қайғылы жағдай тіркелді. 2004 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Құтқарушыларға оқыс оқиға жөнінде марқұммен бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен тапты.

Соңғы уақытта Қарағанды облысында суда орын алған қайғылы оқиғалар көбейіп кетті. Осыған орай, құтқарушылар тұрғындарды суға демалуға барған кезде сақ болуды ескертті. 

"Бұл жерде су қоймасының түбі біркелкі емес, тереңдік күрт төмендейді. Тыйым салынған жерлерде суға түсу өмірге қауіп төндіреді. Судың беті бойынша қауіпті анықтау мүмкін емес",- деп мәлімдеді ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу