Фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі – Дархан Қыдырәлі

523

Дархан Қыдырәлі әріптестерін дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұрады. 

Фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі – Дархан Қыдырәлі

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі өзінің facebook парақшасында cоңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанда болмаған оқиғаны  болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі.  Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу