Фейк: "Pfizer компаниясының пайымдауынша турбо қатерлі ісік бүкіл әлемге таралады"

294

Бұл шындыққа сәйкес келмейтін бұрмаланған ақпарат.

Фейк: "Pfizer компаниясының пайымдауынша турбо қатерлі ісік бүкіл әлемге таралады" Фото: reuters

Telegram-да АҚШ-тың Pfizer компаниясы турбо қатерлі ісіктің бүкіл әлемге таралатынына 43 миллиард доллар бәс тікті деген ақпарат талқылануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың наурызында фармацевтикалық алпауыт Pfizer қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек өндіретін Seagen компаниясын сатып алатынын жария етті. Келісім сомасы 43 млрд доллар болды. Нәтижесінде Pfizer2-нің қарамағына FDA – америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мақұлдаған төрт онкологиялық препарат өтеді.

Жарияланымда Seagen турбо қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығарды делінген.

Бұл — жалған ақпарат, биотехнологиялық компания ойдан шығарылған ауруға қарсы дәріні мүлде шығарған емес. Seagen қуық қатерлі ісігіне қарсы Padcev, сүт безі қатерлі ісігімен күресетін Tuksya, Ходжкин лимфомасын емдеуге арналған Adcetris сияқты таргеттік терапия препараттарын шығарады. Есесіне, бұл антидене-препарат конъюгаты немесе ADC деп аталатын дәрілердің жаңа тобы.

Қатерлі ісікке қарсы құрал ісікке тікелей жеткізіледі және айналасындағы тіндерге зиян келтірмейді.

"Турборак" туралы 2022 жылы айтыла бастады. Бұл терминді алғаш рет канадалық дәрігер Чарльз Хоффе қолданған. Оның пікірінше, бұл қатерлі ісік COVID-19 қарсы мРНҚ вакцинасын егуден кейін дамиды. Канадалық дәрігердің сөзінің дұрыстығын растайтын бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ. Әлемде турбо қатерлі ісіктің бірде-бір жағдайы тіркелмеген. АҚШ-тың жетекші Слоан-Кеттеринг клиникасы коронавирусқа қарсы вакциналар қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деген пікір миф деп санайды.

Демек, таралған ақпарат жалған. Pfizer турбо қатерлі ісік бүкіл әлемге қауіп төндіретіні бойынша бәс тікпеген. Оның үстіне, бұлай аталатын ауру жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу