Фейк жаңалық таратқан 45 адам анықталды

1176

Төтенше жағдай талаптарын бұзған сауда және ойын-сауық нысаны иелері жауапқа тартылады.   

Фейк жаңалық таратқан 45 адам анықталды

Төтенше жағдай кезінде халықтың үрейін тудыратын жалған жаңалықтар таратқан 45 адам анықталы, деп мәлімдеді Ерлан Тұрғымбаев.

"Олар нақты медициналық мекеменің атын, инфекция жұқтырғандардың санын, қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратады. Мәселен, 25 наурызда Көкшетау қаласының бір топ азаматы әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы ауруханада инфекция жұқтырып келген Солтүстік Корея азаматтары жатқызылғаны туралы жалған ақпарат жариялаған. Бұдан бөлек бір күннің ішінде Атырау облысында желіде жалған жаңалық таратқан 3 жағдай тіркелді. Мүлде болмаған, шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату арқылы бұл адамдар халықты үрейлендіреді. Қазіргі кезде осындай 45 факт белгілі. Оның барлығының авторлары анықталды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізілуде", – деді министр.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев карантин талаптарын бұзған бизнес субъектілері туралы айтты.

"Төтенше жағдай талаптарын бұзған 1800 сауда нысаны мен ойын-сауық орталығы анықталды. Оның 400-ден астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 500-ден астамына айыппұл салынды, қалғандары соттың қарауына жіберілді", – деді Ішкі істер министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу