Фейсбук арқылы банктен екі жүз мыңнан астам теңге ұтып алды

1250

Фейсбук арқылы банктен екі жүз мыңнан астам теңге ұтып алды

Алматылық Берік Сарбасов еліміздегі ірі банктің бірінен Фейсбук әлеуметтік желісінде пікірінің танымал болғаны үшін сыйақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір апта бұрын Fortebank пен 32 жастағы алматылық Берік Сарыбасовтың арасында бәс тігілген болатын. Банк алматылықтың Фейсбук парақшасындағы бір пікіріне басылған ұнату (лайк) белгісіне қарай, яғни қанша адам "лайк" қалдырса, сонша ақша төлейтінін жеткізген. Банк шарты бойынша, әр адамның "лайк" белгісі үшін 10 теңгеден төленетін болып келісілген.

"Мен өз пікірлерімнің бірінде банкке өмір бойына пайызсыз несие белгілеу туралы ұсыныс айтқанмын. Таңқалғаным, олар бұған жауап беріп, бәстесуге шақырды", - дейді Берік Сарбасов.

Бәстесудің бір шартында "лайк" белгісін басушыларды қолдан көбейтуге тыйым салынды. Берік Сарыбасов Фейсбук қолданушылардың көмегімен 18 323 "лайк" жинап, банктен 207 830 теңге алды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу