Фельдшер Астана қаласында қызметтік міндетін атқарып жүрген кезінде ауыр жарақат алып, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлдана Мырзуан тарапының адвокаты Нұрсұлтан Орынбектің сөзінше, ОСИ төрағасына қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген.
– Тергеу аясында барлық мән-жай белгілі болды. Заңнамада мұндай әрекеттер үшін нақты жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты біз тергеу органдарының ұстанымымен келісеміз. Ал әрі қарай бұл мәселенің тағдырын сот шешеді. Бұл жерде себеп-салдарлық байланыс бар. Қазір бұл туралы толық ақпаратты жариялай алмаймыз. Барлығы сотта анық болады, – дейді қорғаушы.
Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша іс қозғалып отыр.
Жаза кетейік, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан Астана қаласында тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған сәтте зардап шеккендерге көмек көрсету барысында ауыр жарақат алған-ды.
2025 жылдың 18 қарашасында фельдшер Ұлдана Мырзуан бақилық болды. Сол күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ерлігін жоғары бағалап, марқұмды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.
Кейіннен Астанадағы медициналық колледждердің біріндегі оқу аудиториясына Ұлдана Мырзуанның есімі берілсе, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде арнайы мемориалдық тақта да ашылды.
Сосын фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Бұған дейін марқұмның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталатынын хабарлаған едік.