Феликс Сатер: Алматыда Храпуновтар мен Әбілязовтың тыңшылары бар

784

АҚШ соты Храпуновтарды "мысық-тышқан ойынын ұйымдастырғаны үшін" заңгерлік шығындарды өтеуге міндеттеді.

Феликс Сатер: Алматыда Храпуновтар мен Әбілязовтың тыңшылары бар

Әділет министрлігі 20 мамырдағы Нью-Йорктың оңтүстік округіне қарасты АҚШ округтік сотының Ілияс пен Виктор Храпуновтарға қатысты шешім шығарғанын хабарлады. Ресми ақпарға сенсек, АҚШ соты Ілияс Храпуновтың іске дәлел ретінде талп етілген электрондық хаттарды жоғалтып  алдым деген жауабын сылтау деп таныған. 

"Мүддесін Әділет мнистрлігі білдіретін Алматы қаласының әкімдігі және БТА Банк талапкерлердің талап-арыздарын растайтын ақпаратты жауапкерлердің әшкерелеуін талап еткен еді. Тараптардың ұстанымдарын зерделеп болып, сот Ильяс пен Виктор Храпуновтарды сотпен "мысық-тышқан ойынын" әдейі ұйымдастырды және олардың бұл іс-әрекеті жазалануға тиіс деген шешімге келді. Сот Ильясты тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады", – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Судья Ілияс пен Виктор Храпуновты Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банктің заңгерлерге жұмсаған шығынын  төлеп беруге міндеттеген көрінеді. Онымен қоймай, Храпуновтар бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығынан айырылмақ. 

Осы процеспен қатар жүріп жатқан тағы бір істе Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкі сотқа тартқан  Феликс Сатер  Храпуновтар мен Әбілязовтің Алматы қаласында тыңшылары бар деген ақпарат берген. Кезінде Дональд Трамптың девелопмент жөніндегі көмекшісі болған атышулы кәсіпкер қазақстандық қашқындардың тың ұстауы өміріме қауіп төндіруі мүмкін деген мәлімдеме айтқан. 
"Сот өзінің шешімінде Аблязовтың 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрынғы басшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті", – деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Фото: Global Look Press

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу