Кеше Қытайдың BRTV телеарнасында Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гунн Линның қатысуымен "最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing" жобасы жарық көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Димаш пен Гунн Линн өздерінің мәдениетаралық саяхаттарының соңында бірегей вокальдық эксперимент ұсынып, қытай және қазақ тілдеріндегі "Феникс" және "Қараторғай" әндерін біріктірді.
Қазақтың дәстүрлі аспабы қобыз бен қытайдың үрмелі шэн аспабының сүйемелдеуімен тангу барабандарының ырғақты үні аясында әртістер өз елдерінің аңызға айналған тарихын әуен арқылы жеткізді.
Гунн Линн репертуарындағы ежелгі қытай мәтіні негізінде жазылған "Phoenix" әні император Феникстің өмірін баяндайды. Ал қазақтың "Қараторғай" әні тікелей аударғанда "қара торғай" деген мағынаны білдіреді.
"Қараторғай" әнінің авторы – Ақан сері. Ол балапан кезінде баққан бүркітіне "Қараторғай" деп ат қойған.