Фермерлер 21 мың бас ірі қара сатып алды

1285

Ет комбинаттарының жүктемесін арттыруға басымдық беріледі. 

Фермерлер 21 мың бас ірі қара сатып алды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шауашылығымен айналысатын шаруаларға қолдау көрсетіп отыр. Министр Сапархан Омаровтың мәлімдеуінше, биыл фермерлер 95 мың бас ірі қара мал сатып алады. 

"2019 жылы фермерлік шаруашылықтар 63 мың бас ірі қара мал әкелді. Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12%-ға жетті. Биыл 95 мың бас мал сатып алу үшін фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруді жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері фермерлер 21 мың бас мал сатып алды", – деді министр.

Сапархан Омаровтың сөзінше, өткен жылы қанатқақты жоба ретінде сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру механизмі тәжиребеден өткізілген. Биыл қанатқақты жоба іс жүзінде қолданылады. 

"Басты міндеттердің бірі –  сиыр еті өндірісінің тізбегін үздіксіз жүргізу. Республикада 279 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдарының желісі және қуаты 240 мың тонна ет өңдеуге жететін комбинат бар. Олардың жүктемесін арттыру үшін бұқашықтарды тапсыру жоспары қарастырылған. Фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырылған бұқашықтарды тірілей салмағына субсидиялау механизмі қарастырылған. Сонымен қатар ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарында экспорттық шарты болған жағдайда, айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру қарастырылған", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу