Фермерлер егіс алқаптарын 30 сәуірге дейін сақтандыра алады

138

Майлы дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға қатысты өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды.  

Фермерлер егіс алқаптарын 30 сәуірге дейін сақтандыра алады Фото: eldala.kz

Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені саласындағы операторлық сақтандыру қызметтерін көрсету жұмысын жалғастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"Майлы дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. 15 сәуірде дәнді дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталды.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының фермерлері егіс алқаптарын сақтандыра алады.

Барлық қажетті ақпаратты Kezekte.kz порталынан алуға болады, өтінімді де Kezekte.kz порталынан Qalqan онлайн-сақтандыру сервисі арқылы беруге болады", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу