Фермерлер енді субсидияны абоненттік төлемсіз рәсімдей алады

571

АӨК саласындағы фермерлер мен сарапшылар субсидияларды Qoldau емес, "Бірыңғай мемлекеттік субсидиялаудың ақпараттық жүйесі" арқылы (gosagro.kz) рәсімдей алады деп жазады inbusiness.kz Бас аграрлық сайтына сілтеме жасап.

Фермерлер енді субсидияны абоненттік төлемсіз рәсімдей алады Фото: inbusiness.kz

Жаңа платформаның басты айырмашылығы - фермерлерге оны пайдалану үшін абоненттік төлем төлеудің қажеті жоқ. Ақпараттық-есепке алу орталығының хабарлауынша, Qoldau платформасында фермерлерді субсидиялау қызметі өшіріліп, субсидиялау дерекқоры Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген.

"Qoldau платформасы ел басшылығының тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін цифрландыру, бағалау, аудиторлық және бухгалтерлік қызметті цифрландыру, мемлекеттік кірістер органдарының мониторингі үшін астықты қадағалау саласы, банкроттық рәсімдерін цифрландыру, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мониторингі және басқа да ауқымды жобалар бойынша жаңа жобаларды іске асыра отырып, жұмысын жалғастырады", - деп хабарлады АЕО баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу