Фермерлер gosagro.kz сайтында субсидияларды онлайн ала алады

1317

Бұл субсидиялар алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. 

Фермерлер gosagro.kz сайтында субсидияларды онлайн ала алады Фото: inbusiness.kz

"АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін" техникалық пысықтау аяқталуға жақын, деп жазады inbusiness.kz ortcom.kz сайтына сілтеме жасап. 
Жүйе толық автоматтандырылған және АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта тегін көрсетуге мүмкіндік береді. Авто есептеулердің модулі өтінімді қабылдау кезеңінде де қолданыстағы нормаларға сәйкес, адамның қатысуынсыз тиісті төлемді есептеуге мүмкіндік береді. 

Фермерлерге ыңғайлы болу үшін субсидия алудың орындылығын растау туралы қосымша анықтама беру қажеттілігі алынып тасталды, өйткені жүйе басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланады. 

Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі ауыл шаруашылығы министрлігінің жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника жөніндегі дерекқорларынан Қаржы министрлігінің электрондық шот-фактуралар, кооператив мүшелері туралы мәліметтерге, сондай-ақ Әділет министрлігі, Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі дерекқорларына қол жеткізе алады. Бұған қоса құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін "E-ЖСҚ" ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды. 

Қаражат болмаса да жүйеде реттік нөмір алып, "күту парағына" тіркелуге болады. Бюджет "күту парағындағы" өтінімдер кезегі бойынша ғана бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлуде ашықтықты қамтамасыз етіп, субсидиялар беру кезінде адами факторды болдырмайды. "Күту парағына" келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Аяқталатын техникалық жұмыстарды ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің СБМАЖ ақпараттық жүйесі айқындайтын барлық субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді. Нормативтік-құқықтық актінің жобасы тіркеу сатысында тұр. Осылайша, НҚА тіркелген сәттен бастап субсидиялау қызметтері "АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде" көрсетілетін болады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу