Астанада "Қазақстанның фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) төрағасы Әуесхан Даринов тұтқындалды, деп хабарлады бірлестіктің баспасөз қызметі.
"Әуесхан Қамешұлы Дариновке адам зорлады деген күдік келтірілді", – делінеді бейсенбі күні таратылған ақпаратта.
"Қазақстаннң фермерлер одағындағылар" төраға дүйсенбі күні бірлестіктің кеңсесінде ұсталғанын жеткізді. Айтуларынша, Даринов бұл сәтте алда болатын съезде "саланы дамытудың күрделі стратегиялық мәселелерін" көтеру үшін дайындық мақсатында жұмыс кеңесін өткізіп жатқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу