Фермерлер өнімін онлайн саудалауға көшті

1361

Қай өңір қандай жеміс-жидек тұтынады.

Фермерлер өнімін онлайн саудалауға көшті

Биылғы жылдың сәуір-шілде аралығында "Көкөністер және жемістер" санатына берілген хабарламалардың жалпы саны өткен жылдың балама кезеңінің көрсеткішінен 50% асып кетті, деп хабарлады Olx.kz хабарламалар сервисі. 

Карантинге байланысты шектеулер халықтың көкөніс пен жемісті интернет арқылы сатып алуға сұранысын арттырыпты.

"Өсудің жанама факторы пандемияның екінші толқынына дайындық және алдағы күз-қыс кезеңіне дәрумендерді мұздату болуы мүмкін",– деп болжайды сервис.

Өткен жылмен салыстырғанда аталған сервис арқылы шие мен таңқурай, қарабүлдірген 2 есе, қарақат 1,5 есе көп сатылған. Алманы тұтыну үш есеге өсті деуге болады.

Көкөністер санатында қызанаққа ұсыныс былтырғымен салыстырғанда екі есе көп болған. Ал картопқа ұсыныс болғанымен, бірақ сұраныс, яғни тұтыну 2019 жылдың деректермен салыстырғанда 40% төмендепті. Пияз, сарымсақ, баялды, сәбіз және асжапырақ санаттарында көрсеткіш екі есеге өскен.

"Базарлардың, СОО  жабылуына немесе шектелуіне байланысты өз өнімін онлайн сататын фермерлік шаруашылықтардың санатының өсуін атап өткім келеді. Осы санаттағы кәсіпкерлер де онлайн кеңістіктегі сауданың барлық мүмкіндіктерін сынап және бағалап үлгергеніне сенімдіміз. Бұл Қазақстандағы бизнестің онлайн режиміне көше бастағанын тағы бір дәлелдейді, тіпті бұл процесс бұрын онша белсенді болмаған салаларда да",–дейді OLX клиенттік сервисі бөлімінің басшысы Жыргалбек Зикиров.

Сервис берген ақпаратқа сүйенсек, шиені көп тұтынатын қостанайлықтар екен, ал қарақатты – астаналықтар, таңқурайды – алматылықтар, қауынды – түстіктегілер, ал алманы Орал тұрғындары көбірек жейтін болып шықты. Картопты тұтыну бойынша абсолютті көшбасшы – Павлодар, қызанақты – Ақтөбе, пиязды – Алматы. Баялды мен кәдіні астаналықтар үшін, қияр мен сарымсақты – ақтөбеліктер үшін, болгар бұрышы мен шиені – алматылықтар, ал бау-бақша Семей қаласының тұрғындары үшін  қолжетімді. 

Жеміспен Қазақстанның астанасы, ал көкөніспен – Павлодар және Өскемен өңірлері біршама қамтамасыз етілген.

Жемістер мен көкөністердің құнына қатысты, мысалы облыстық орталықтардың арасында картоп Қызылорда облысының тұрғындарына арзан келсе, ал Оралдың тұрғындарына қымбатқа түседі екен, сондай-ақ қарбыз да дәл осылай. Таңқурай Атырауда қымбат, ал ең төмен бағамен Шымкент қаласында сатылуда, алайда атыраулықтар үшін қызанақ пен қияр біршама қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу