Фермерлер үшін дизель отынының орташа бағасы литріне – 165 теңге

859

Астық егетін аймақтардағы науқан мамыр айының ортасында басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Фермерлер үшін дизель отынының орташа бағасы литріне – 165 теңге Фото: inbusiness.kz

Ал Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында егін егу алдындағы дайындық жұмыстарымен қатар кейбір дақылдарды егу науқаны басталып кеткен. Атап айтқанда, оңтүстікте 220 мың гектарға жуық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 30 мың гектар көкөніс, 11 мың гектардан астам жерге картоп, 15,4 мың гектарға бақша дақылдары егілген.

"Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 4,3 мың жоғары өнімді егін егу кешені, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканы дайындау жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта техникалар егін егу науқанына 100% дайын. 2021 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына (ақпан-маусым)

Энергетика министрлігімен бірлесіп, 380 мың тонна арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі жасалды",– дейді ведомстводан.

АШМ хабарламасына сүйенсек, сәуір айында мұнай өңдеу зауыттары дизель отынының орташа нарықтық бағасын тоннасына 174 мың теңге немесе литріне 144 теңге етіп белгілеген. Операторлардың шығындарын қосқанда фермерлер үшін республика бойынша орташа баға литріне 165 теңге болып отыр. Бұл нарықтық бағадан 10%-ға арзан дейді министрлік.

"Облыс әкімдіктерінің ақпараты бойынша бүгінгі күні 2,4 млн тонна тұқым себілді, бұл тиісті мерзім жоспарының 100,4%-ын құрайды. Сондай-ақ, фермерлерге 136,2 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді. Субсидия беруге өтінімдерді жинау жұмыстары жалғасуда.

Биылғы маусымда фермерлерді қаржыландыру үшін арнайы бағдарламалар қарастырылған. Мысалы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлді",– деп жазылған министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу