Фермерлерді су тапшылығы мен қаржылай қолдау жайы мазалайды

1383

Фермерлерді су тапшылығы мен қаржылай қолдау жайы мазалайды

Оңтүстік Қазақстан облысының фермерлерін су тапшылығы мен қаржылай қолдау мәселесі алаңдатып отыр. Диқандардың бақша дақылдарына да субсидия берілсе деген тілегі бар. Бұл туралы Шымкентте өткен ғылыми конференция барысында сөз болды. Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, суармалы және жайылым жерлердің көлемін ұлғайту сынды көкейкесті мәселелер қамтылды. Шаруалар жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығын да айтты. Бұған қоса, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдайтын "Агробанк" құрылса деген ұсыныс білдірді.

Әуезхан Дәрінов, ҚР фермерлер одағының төрағасы:

"Нақты фермерлерден өздерінің ұсыныстарын сұрап жатырмыз. Өйткені ауыл шаруашылығы министрлігінің көзқарасы бір ойда, ал, әр жерде, әр регионда шаруалардың өздерінің ойлары бар. Оны ертең біз бәрін түйіндеп, сол орталық комитетімізде отырған уақытта отырған видео конференция өткіземіз. Осы біз қазір жүрген уақытта жәй ғана есеп беріп, олардың сұрақтарын алып, ұсыныстарын ғана алып емес, біз қазір кеңес сайлаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу