banner

Фермерлердің екінші деңгейлі банктерден алатын несиесі кепілдендіріледі

719

Екінші деңгейлі банктер агробизнеске ұзақмерзімді несие бергенде қандай бағыттар мемлекеттік кепілдендіруге жатады?

Фермерлердің екінші деңгейлі банктерден алатын несиесі кепілдендіріледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдейтін фермерлер үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы несиелерді мемлекеттік кепілдендіру механизмі 2020 жылдан бері іске асырылып келе жатқанын еске салады.

"Фермерлерді қолдаудың жаңа формасы екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын несиелеуге ынталандыру, банктердің несиелік тәуекелдерін азайту және аграрлық саланы қаржыландырудың тартымдылығын арттыру үшін енгізілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – екінші деңгейлі банк несиесінің көмегімен инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлаған жеке кәсіпкерлік субъектілер (АҚ, ЖШС, ШҚ, ФҚ және т.б.) кепілдік беру жүйесіне қатыса алады. Шарт бойынша, жылдық сыйақы мөлшері 17%-дан аспайтын 5 млрд теңгеге дейінгі несиені 10 жылға дейінгі мерзімге алатын фермерлерге кепілдік беру көзделген. Кепілдендіру комиссия кепілдік мөлшерінің 30%-ын құрайды, оның 29,9%-ын мемлекет (жергілікті атқарушы орган), ал 0,1% - ын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші төлейді. Кепілдендіру мөлшері – негізгі қарыз сомасының 50%-на дейін (бірақ 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс)",– дейді ведомстводан.

Министрліктің түсіндіруінше, жобаны іске қосқанға дейін басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері – 85% (бірақ 2,55 млрд теңгеден аспауы тиіс), ал жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты шарттарға дейін төмендетіледі.

Кепілдік Агроөнеркәсіп кешеніндегі қызметтің барлық түрлері бойынша, сондай-
ақ тамақ өнімдерін өндіру қызметінің инвестициялық жобаларын іске асыруға беріледі.

Бұдан басқа, кепілдік беру шеңберінде мынадай инвестициялық бағыттар
бар:
- тауарлы сүт фермалары;
- етті құс шаруашылығы;
- қарқынды бақ;
- жылыжайлар;
- қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндіру;
- жарма өндірісі;
- көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу;
- өсімдік майы мен май өнімдерін өндіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу