Фермерлерге 147,5 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді

570

Тағы 173,4 мың тоннаға шарттар жасалды. 

Фермерлерге 147,5 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, биылға шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр, бұл ғылыми қажеттіліктің 46%-ы.

"Өз кезегінде тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бірінші және ең маңызды мәселе – бұл қаржыландыру мәселесі. Жыл сайын тыңайтқыштардың құнын арзандату бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының тапшылығы сақталуда. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін бүгінгі күні отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау көзделген, бұл жерде субсидиялар тікелей отандық зауыттарға беріледі. Бұл субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі, онда шаруалар алдын ала арзандатылған тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін болады", - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, фермерлердің қазіргі қаржылық жай-күйін ескере отырып, қазіргі уақытта тыңайтқыштарды зауыттардан әкімдіктердің кепілдігімен бөліп төлеуге беру мәселесі пысықталуда, деп жалғастырды спикер.

"Жалпы бұл шаралардың барлығы тыңайтқыштарды қолдану көлемін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда фермерлерге барлығы 147,5 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, 173,4 мың тоннаға шарттар жасалды", - деді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу