Фермерлерге 6%-пайыздық несие 12 айға алдын-ала беріледі

758

Көктемгі егіс науқанына 170 млрд теңге шығындалмақ. 

Фермерлерге 6%-пайыздық несие 12 айға алдын-ала беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі көктемгі егіске деп жұмсалып жатқан қаражаттың жалпыламаа есебін берді.  Ресми мәліметке сенсек, "Кең дала" бағдарламасынан бөлек, Аграрлық несие корпорациясы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша диқандарға қаражат беруде.

"Қаражат қайтарымсыз емес, бірақ жеңілдетілген шарттармен беріледі.  Фермерлерге 6%-бен  100 миллиард теңге беру қарастырылған. Қаржы 12 айға дейінгі мерзімге алдын-ала беріледі. Негізгі қарызды несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеуге болады", - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Аталған ақпаратта Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие алушылардың өтініштері бұрынғыдай бір ай бойы емес, 10 күн ішінде тексерілетіні де айтылған. Өткізетін құжаттар тізімі де қысқарған көрінеді. Бүгінге дейін осы тәсілмен  6 млрд қаржы үлестірілген.

"Жақында Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды аяқтады. Нәтижесінде 70 млрд теңгені 5%-бен 2 405 шағын және орта бизнес өкілдері алды. Осылайша, "Кең дала" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша, 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 170 млрд. теңге бөлінді", - деп жазылған реми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу