"Ауыл шаруашылығы техникасымен жаңарту деңгейі 4,5%-дан 5,5%-ға дейін ұлғайды. Бұған дейін агротехнологияларды кеңінен енгізуге жеңілдетілген қаржыландырудың жеткіліксіздігі кедергі болды, бірінші кезекте бұл – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беру.
Мәселе бюджеттік несиелеудің жетіспеушілігінен туындап отырды, өйткені бұрын саланы тікелей мемлекеттік қаржыландыруға баса назар аударылған.
Биылғы жылы бұл тәсілдер қайта қаралды. Коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыру көлемі 3 еседен астам ұлғайды", - деді вице-министр "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі алдындағы жиында.
Вице-министр фермерлерге жылына "таза" 5%-бен жеңілдетілген қаражатты тезірек жеткізу үшін атқарылған жұмыстарды атады.
"Қысқа мерзімде Үкіметтің қолдауы арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер арқылы фермерлерге "Жеңілдетілген лизинг" бағдарламасы бойынша отандық өндірістің ең қажетті техникасының кең тізбесін сатып алу үшін "таза" 5%-бен 120 млрд. теңге бағытталды", - деді Азат Сұлтанов.