Компания шығаратын спорткарлар жолда сирек кездесетінін және Ferrari орта есеппен бір жылда 3 мыңнан артық шақырым жүрмейтінін алға тартқан Камильери ұстанымынан қайтпайтын сияқты.
Экологияны жақсарту бағытында Ferrari тек бір қадам жасады. Жуырда алғашқы жүздікті 2.5 секундта алатын, жылдамдығы сағатына 340 шақырымға жететін SF90 Stradale plug-in гибриді жарық көрді. Флагмандық көліктегі электр көмегін пайдаланатын турбиналы 4 литрлік V8 жалпы 1000 аттың күшін береді.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу