Ферроқорытпа өндірісі бір жылда 6%-ға өсті

2141

2019 жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша, елде өндірілген ферроқорытпалардың шамамен 75 пайызы экспортталған. 

Ферроқорытпа өндірісі бір жылда 6%-ға өсті

Өткен жылы елімізде 2,02 млн тонна ферроқорытпа өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. Оның 34,3%-ы немесе 693,9 мың тоннасы Ақтөбе облысына, ал 62,9%-ы, яғни 1,27 млн тоннасы Павлодар облысының үлесінде. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. 

Ферроқорытпа көлемінің 86%-ы – феррохром. 2019 жылдың қаңтар және қараша айлары аралығында 1,74 млн тонна өндіріліпті. Бұл 2018 жылдағы көрсеткіштен 7,7%-ға артық. 

Елдегі ең басты ферроқорытпа өндіруші – "ҚазХром" трансұлттық компаниясы. Компания формацияларының қатарында Ақсу және Ақтөбе зауыттары, сонымен қатар Дөң тау-кен байыту комбинаты мен "Қазмарганец" кен басқармасы бар. 

2019 жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша, елде өндірілген ферроқорытпалардың шамамен 75 пайызы экспортталған. Нақтырақ айтқанда, оның көлемі 1,55 млн тонна, яғни 1,7 млрд долларға жеткен. 

Отандық ферроқорытпа өнімдерін сатып алушылар – Қытай, Жапония, Корея, Ресей және АҚШ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу