Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

354

Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 31 жастағы қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды Фото: canva.com

Зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны туралы қайғылы жаңалықты Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

"Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды", - деп хабарлады басқармадан.

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу