Ферроқорытпа зауытындағы апат: Екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр

240

Өзге екі жұмысшының жағдайы жақсарды. 

Ферроқорытпа зауытындағы апат: Екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр Фото: Pixabay.com

Қарағанды ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы әлі де ауыр. Олар қазір жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, өзге екі жұмысшының жағдайы жақсарды. Дәрігерлердің бақылауында. Ал жұмыс беруші компания алдырған ресейлік мамандар елдеріне қайтты. Қазір олар жергілікті дәрігерлерге онлайн кеңес беруде.

Естеріңізге сала кетейік, он күн бұрын ферроқорытпа зауытында пештен жалын атқылап, 8 жұмысшы зардап шеккен болатын. Төртеуі қайтыс болды. Ең жасы – 25 те.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу