Ферроқорытпалар бірден 16 пайыз қымбаттады

1212

Ферроқорытпалар бірден 16 пайыз қымбаттады

2018 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағаны көтерді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

Осы жылдың қаңтар-ақпанында өндіруші кәсіпорындардың қойған бағасы өңдеу өнеркәсібінде - 3,6%, кен өндіру өнеркәсібінде 3,1% - ға жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерге баға - 3%, өндірістік сипаттағы қызметтерге 6,1% - ға жоғарылады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар дизель отынын - 6,4%-ға, көмірді - 6,3%-ға, бензинді - 4,3%-ға, сұйытылған пропан және бутанды - 3,6%-ға, табиғи газға және мұнайды - 3,3%-ға, мазутты 1,5%-ға қымбаттатқан, ал металл кендеріне баға 0,9%-ға төмендеген.

Бағаның ферроқорытпаларға - 16,1%, қара металдар илегіне - 3,3%, қорғасынға - 1,9%, мысқа - 1,2%, мырышқа - 1%, асыл металдарға 0,7%-ға жоғарылауы тіркелді.

Өндірушілер бағасының шайға - 3,8%, өсімдік майына - 2,1%, сүт өнімдеріне - 1,4%, мал етіне - 1,1%, күрішке - 0,4%, нанға 0,3%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 4,7%, жармаларға - 3,3%, қантқа 1,1%-ға төмендеуі байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу