FIBA еліміздегі баскетбол деңгейіне оң баға берді

1176

Бұған Қазақстан командасының 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуі себеп болды.

FIBA еліміздегі баскетбол деңгейіне оң баға берді

2019 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының басшылығы Швейцарияның Ми қаласындағы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды  

ҚР ҰБФ президенті Димаш Досанов FIBA бас хатшысы Андреас Загклиспен, спорттық директор Зоран Радовичпен және 3х3 бағытындағы директор Алекс Санчеспен кездесті. 

Жүздесу барысында Қазақстан мен Азия аймағындағы баскетболды дамыту мақсатында федерациялардың әріптестігін нығайту мәселелері қаралды. 

Бұл сапардың басты мақсаты – Халықаралық баскетбол федерациясы басшылығымен танысу, ҰБФ жаңа құрамының екі жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау және елімізде баскетболды дамыту жобаларын қолға алу болатын. 

FIBA еліміздегі баскетбол деңгейінің өсіп келе жатқанын атап өтті.

"Бұған Қазақстан командасының 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуі себеп болды. Сондай-ақ, 3х3 баскетбол бойынша ел рейтингінің жоғарылуы мен балалар, жастар мен студенттер баскетболын дамытудағы федерацияның рөлі туралы жақсы пікірлер айтылды", – дейді ҚР ҰБФ президенті Димаш Досанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу