Фидель Кастроның ұлы: ЭКСПО өзінің көлемімен таңғалдырады

859

Фидель Кастроның ұлы: ЭКСПО өзінің көлемімен таңғалдырады

Астанада өткен дүниежүзілік инженерлер конгресі мен ғалымдардың ресми баспасөз конференциясында кубалық физик-ядрошы Фидель Кастро Диас-Баларт ЭКСПО, Астана және ғылымның адамзат үшін маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Кеше, 19 маусым Куба мемлекеттік кеңесінің ғылым бойынша кеңесшісі, Куба ғылым академиясының вице-президенті Фидель Кастро Диас-Баларт Қазақстан астанасына WSEC-2017 конгресс жұмысына қатысуға келді.

"Мен үшін осындай маңызды конгресте сөз сөйлеу мәртебе. Бұл шарада энергетика мен өндіріс саласындағы әр елдердің ғалымдары мен инженерлерінің бірлескен еңбегін танытып, дүниетанымын кеңейтуге жол ашады. WSEC жоғары технологиялық энергетикалық технологияда, заманауи энергетиканың белгілі жетістіктері мен трендтер бойынша тәжірибе алмасуда таптырмас алаң болып табылады", - дейді Фидель Кастро Диас-Баларт.

Кубалық осымен екінші рет Астанаға келген. Алғаш 2015 жылы болған. Бұл жолы да қаламен танысып, өзгергенін айтуда.

"Мен әлі көрмені көрген жоқпын. Алайда мен шет жағасын байқағанымның өзі бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға. ЭКСПО-ның көлемі де таңғалдырады. Жақын күндері арнайы барып, энергетика саласындағы барлық заманауи технологиямен танысатын боламын. Мен ғылым әр адамның мәдени дамуының бір бөлшегі деп есептеймін. Көптеген саяси көшбасшылар ғылым саласында еңбек еткен. Менің білуімше, Қазақтан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси басшы болса да, ғылыми білім-білігі жоғары", - дейді Фидель Кастро Диас-Баларт.

Ғалым астаналық конгресс әлемдік ИИҒ дамуына, іскерлік мүмкіндіктер мен тәжірибе алмасу орнына айналатынына сенімді.

Фидель Кастро Диас-Баларт, ғылым әлемінде Хосе Рауль ретінде танымал. Ол өзінің шын есімін жақында ғана айтты. Оның сөзінше, Фидель Кастроға туыстық қатысы бар екенін ұзақ жылдар бойы құпия ұстауының өзіндік себебі бар екен. 

Фидель Кастро Диас-Баларт 19 маусым күні Астанада WSEC-2017 форумында баяндама жасады. Естеріңізге саламыз, елордада инженер ғалымдардың дүниежүзілік конгресі басталды. Әлемнің 51 елінен мыңнан астам өкілдер келді. Олардың ішінде беделді ғалымдар да бар. Конгрестің тақырыбы: болашақ энергиясын жүзеге асыру әдістері. Конгресс тек Қазақстанда ғана алғаш өткізіліп жатқан жоқ, сондай-ақ Орталық Азияда бірінші рет ұйымдастырылуда. Форумға 1000-нан астам ғалымдар, инженерлер, білім, бизнес, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйымдар қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу