Фиджиде 6,6 баллдық жер сілкінісі болды

486

Жер сілкінісінің ошағы Сува қаласының оңтүстігінде анықталды. 

Фиджиде 6,6 баллдық жер сілкінісі болды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Фиджи аралдарының оңтүстігінде 6,6 баллдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Сува қаласынан оңтүстікке қарай 471 шақырым жерде анықталған. Жер сілкінісі ошағы 562 шақырым тереңдікте жатты.

Алдын ала мәліметтер бойынша қаза тапқандар мен зақымдалған ғимараттар туралы хабарланбады.

Топан су туралы ескерту болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу