ФИФА әлем чемпионатына қатысушы командалардың санын көбейтуі мүмкін

Бұл туралы AZƏRTAC агенттігі хабарлады.    

ФИФА әлем чемпионатына қатысушы командалардың санын көбейтуі мүмкін Фото: aa.com.tr

Енді жаһандық доп додасына қатысатын елдердің саны бірден 48-ден 64-ке дейін көтерілуі ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тиісті жобаны Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының президенті Алехандро Домингес ұсынып отыр. Бұл қадамды ФИФА жоғары бағалаған.

Егер жоба қолдау табатындай болса, құрама саны 2030 жылғы әлем чемпионатында артуы керек. Яғни, бұл жағдайда командалар әрқайсысы 4 құрамадан тұратын 16 топқа бөлініп жарысады. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне шықса, кейін медальдар үшін күресті олимпиадалық жүйе бойынша жалғастыратын болады.

Осылайша, ФИФА әлем чемпионатын жаңаша форматта өткізуге ниетті. Олар "қатысушылар санын 64 құрамаға дейін арттыру өз жемісін береді әрі географиялық ауқымын көбейтеді" деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу