Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2020 жылғы үздік футболшыларды марапаттау рәсімін өткізбеу туралы шешім қабылдамақ, деп хабарлайды Olympic.kz.
Марапаттау рәсімі қыркүйекте Миланда өтеді деп жоспарланған.
Ұйымның мұндай шешім қабылдауына коронавирус пандемиясы себеп болған.
Халықаралық федерация бекіткен марапаттау шарасының ережесі бойынша 2020 жылғы футбол маусымы қорытындыланып, үздіктер анықталуға тиіс еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу