ФИФА футболдан әлем біріншілігіндегі ең үздік голды жариялады

691

Франция (4:3) құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың соққан голы ең үздік деп танылды.

ФИФА футболдан әлем біріншілігіндегі ең үздік голды жариялады

Биыл Ресейде өткен әлем біріншілігінде 1/8 финалда Аргентинаға қарсы ойында Франция (4:3) құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың соққан голы ең үздік деп танылды. Бұл туралы ФИФА ұйымының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.

Жеңімпазды жанкүйерлер онлайн-дауыс беру арқылы анықтады. Осы жүлдеге 18 гол үмітті болған. Н тобында колумбиялық жартылайқорғаушы Хуан Кинтеро Жапониямен (1:2) өткен ойында салған голымен екінші орынды иеленді. Үшінші орынды D тобында Хорватия - Аргентина кездесуінде команда капитаны Лука Модричтің голы иеленді. 

Айта кетейік, Бенжамен Повар осы атаққа лайықты болған бірінші еуропалық. Осыған дейін бұл жүлдені оңтүстікамерикалықтар иеленіп келген еді.

Еске салайық, Ресейде өткен ӘЧ-2018 Франция футболшылары Хорваттарды 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қола медальды Бельгия құрамасы иеленді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу